Димаш Құдайберген Ресей эстрадасының «примадоннасы» атанған Алла Пугачеваға арналған кеште өнер көрсетеді. 8 сәуір күні Мәскеуде өтетін концерт жайлы әншінің өзі Instagram әлеуметтік желісінде мәлім етті.
«Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде жолыққанша», - деп жаңалығымен бөлісті Димаш Құдайберген.
Концерт 8 сәуір күні Мәскеудегі Крокурс Сити Холда өтеді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мәскеуде Димаш Құдайбергеннің жеке кеші өтті. Концертке әншінің әкесі мен анасы, ата-әжесі және нағашы апасы арнайы қолдау көрсету үшін барған. Кеш барысында Димаш жақындарын орындарынан тұрғызып, көрерменге таныстырған.
Сондай-ақ әншінің тыңдармандарының бірі Димаштың қуыршақ нұсқасын ұсынды. Қолдан жасалған туындыны жанкүйерлерінің бірі Кремль сарайында өткен жеке концертінде тарту еткен.