$ 494.87  520.65  4.91

Серік Ибрагимов келіншегіне кәсіп ашып бергенін айтты

Соңғы кездері сәл танымал болса, сұлулық салонын аша жөнелетін сұлулар қарасы көбейіп барады. Тіпті, әншілердің басым бөлігі әлеуметтік желідегі парақшаларында желелік маркетингті жарнамалап әлек. Алайда Серік Ибрагимовтың келіншегі баюдың басқа жолын таңдаған сияқты. Ол қыз-келіншектерге арналған дүкен ашыпты. 

Кәсібін домалатып отырған келіншегі жайлы Ибрагимов «HIT TV» арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Әзірге өзінікін өзі өтеп жатыр. Аруларға, әйел адамдарға арнап дүкен ашқан болатын. Болашақта үлкен нәрселер алып келеді деген ойдамыз. Әзірге ашылғанына екі-ақ ай болды», –  дейді өнер иесі. 

Айта кетейік, қызылордалық Серік Ибрагимов 2016 жылы Айнамкөзбен шаңырақ көтерген болатын. 2017 жылы олардың отбасына 1 ұл бала қосылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары