30.03.2019, 05:50

Димаштың ресейлік саxналарға құмарлығы ма әлде сол құмарлықты мәскеулік топтар әдейі қоздырып отыр ма?

Димаштың атағы күллі әлемге танылғалы ол ресейлік саxнаға жиі шақырылып жүр. Жыл басталғалы бері жерлесіміз көрші елге бір емес, бірнеше рет барып ән шырқады. 

Ресейлік теxнократтар мен пиар саласының мамандары әрине соңғы концертін өздерінің саxналардың саxнасы деп төрін санайтын Кремль концерттік залында Наурыз мейрамына орайластырып екі күн қатарынан шырқатты. Бұл күні әлемнің елу елінен Димаштың мыңдаған тыңдарманы да жетіп келді. 

Димаштың Мәскеуге әрбір келуі НТВ телеарнасының арнайы бақылауында. Бұндай назар мен қошемет кімнің болмаса да басын айналдырып алатыны сөзсіз. Оған Ресейдің әйгілі композитірі Игорь Крутойдың ықпалы мен Димашқа деген аса ықыласын қосыңыз. Ол Димаштың репертуарында орысша әндер көбейіп келеді деп мақтанғанын да ұмытпау керек.

Ол ол ма, Алла Пугачеваның бұрын-соңды болмаған Мәскеудегі концертіне Димаш құрметті қонақ ретінде шақырылды. Бұндай мәртебеге Ресейдің бірқатар мықты әншілері де ие бола алмады.

Ал осы ресейлік саxналар мен «тусовкаларда» Димашымыздың осыншама жиілеуі қаншалықты қауіпсіз? Оның даусы мен денсаулығына зиян келмей ме? Бұл жағын ойлап жүрген жан бар ма?

Онсыз да Ресейде талай талантымыздан айрылдық… Есімізде қалғаны Шәкен Айманов, Күләш Байсейітова, Батырхан Шүкенов… Шәкен Аймановты Мәскеу көшелерінің бірінде «Волга» көлігі қағып кеткен деседі. Күләш апамыз бен Батырханның да кенеттен жүрегі тоқтап қалды.

Димаштың жұлдызы Қытайда жанғанын білеміз. Біз оның талантын тани алмаған едік. Тек аты әлемге танылғаннан кейін ғана басымызға көтеріп, Қытайдан қызғана бастадық. Сол-ақ екен, Димашты енді Ресей бауырына баса бастады.