$ 494.87  520.65  4.91

«Тәңір берді, тәңір алды»: Қайрат Нұртас әжесі туралы жан тебірентерлік сырымен бөлісті (ВИДЕО)

Танымал әнші Қайрат Нұртас Instagram әлеуметтік желісінде қайтыс болған әжесі туралы жан тебірентерлік жазба қалдырды. 

«Әр адамның тірегі, шын жанашыры тек қана анасы екенін білем. Анамның анасынан айрылуы бәрімізге оңай тиіп жатқан жоқ. Тәңір берді, тәңір алды. Асылық айтудан аулақпын, Құдайға шүкір әжем 92 жаста кетті. Көзі тірісінде 5 ұл, 3 қыз, 31 немере, 59 шөбере, 3 шөпшек сүйіпті. Барлық қайғымызға ортақ болып жатқан ағайын, дос, таныстарға көп рақмет! Алла сіздерге әжемнің жасын және жолын берсін! Әмин!», – деп жазды өнер иесі парақшасында.

Еске сала кетейік,  осыдан 2-3 күн бұрын белгілі әнші Қайрат Нұртастың әжесі қайтыс болған болатын. Қайғылы хабарды әнші, оның жұбайы Жұлдыз Әбідкәрімова мен анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшаларында жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары