$ 494.87  520.65  4.91

Гүлнұр Оразымбетова ержетіп қалған ұлдарын көрсетті

Әдемі ашық даусымен тыңдармандарының жүрегіне жол тапқан Гүлнұр Оразымбетова жолдасымен, балаларымен бірге түскен суретін көпшіліке көрсете бермейді. Десе де, бүгін әнші өзінің Instagram парақшасында ержетіп қалған ұлдарының суретін жариялаған.

Желі қолданушылары бойы да, ойы да бар әдемі жігіттерге сүйсінгендерін жасырмай жазды. 

«Үлкені өзіңізге, кішкентайы әкесіне ұқсайды екен. Аман болсын!», «Еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар боп өсуіне тілектеспіз»,«Балапандарың аман болсын! Үлкен Азаматтар болсын!», «Балдарың қандай сымбатты болып өсіп келе жстыр. Тіл-көзден аман болсыншы», – деп жазды олар. 

Еске сала кетейік, Гүлнұр Оразымбетова өзінен 20 жас үлкен Серікбай Нұрғисаевқа небәрі 19 жасында тұрмысқа  шыққан. Бүгінде олардың ортақ некелерінен 2 ұл бала бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары