Эстрада әншісі Абай Бегей осыдан бірнеше жыл бұрын өмірден өткен келіншегі Жанат Бегейді еске алып, желідегі парақшасына жазба қалдырды.
«Адам болған соң басымыздан әр түрлі жағдайлар өтері анық. Қайғы айтып келмейді екен. Пендеміз. Ертең не боларын білмейміз. Тағдырымызда қалай жазылды сол болады екен ғой. Біраз есеңгіреп қалдық.
Өмір жалғасады, шүкірміз. Жалғыз менің басымда болып жатқан жағдай емес. Алла баршамызға сабыр берсін.
Қарлығаштарымды қанаттыға қақтыртпай, тұмсықтыға шоқтыртпай жақсы тәрбие беріп, құтты орнына қондыру – менің адамдық парызым деп білемін. Алла балаларды ата-анасынан айырмасын», – деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, былтыр әнші өзінен бірнеше жас кіші қызбен отбасын құрып, тыңдармандарының сынына ұшыраған болатын.