«Гәкку» телеарнасының «Follow Wars» бағдарламасының кезекті санында тыңдармандар жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңыровтың өнеріне қатысты өз пікірлерін жазды.
«Арман сенен актер шықпайды, әніңді айтып жүре бер, Аша сенен әнші шықпайды, тележүргізуші болып жүре бер» деген тыңдармандар олардың өнерлеріне көңілдері толмайтындарын білдірсе керек. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қос өнер жұлдызы өздеріне қатысты сынды қалай қабылдайтындарын айтты.
«Бұл біздің өнерімізге қатысты болып отыр. Арманның кинода тәжірибесі аз, сондықтан оның актерлік шеберлігі көптің көңілінен шықпай жатқан секілді. Кейінгі шыққан бейнебаянымызда менің дауыс ырғағым тыңдармандарға ұнамай қалған болу керек. Жалпы мен Арманға сахнаға шықпай–ақ қояйыншы, мен ұяламын деп айтам. Ал, ол бәрі жақсы болады деп, мені қанаттандырады. Арман киноға түсуге қымсынады, мен керісінше оған қолынан келетінін айтып, қолдау білдіремін. Жалпы біз өзіміздің кемшіліктерімізді білеміз»,-деп ақталды Аша Матай көптің алдында.
«Дұрыс айтады, кім айтса да», «Шын Ашаның дауысы жоқ», «Өте дұрыс», «Ақшаң болса, заман гой» деген секілді пікірледі жарыса жазды желі қолданушылары.