$ 494.87  520.65  4.91

Ақбота Керімбекова сотталған сазгер Г.Әлімбековаға деп жиналған қаражаттың қайда екенін айтты (ВИДЕО)

Алаяқтық жасады деп алты жылға сотталған әнші әрі сазгер Гауһар Әлімбековаға сахнадағы әріптестері ақша жинап, оның бостандықта қалуына әрекет жасағанын білеміз. Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары ақша жинауда белсенділік танытқан танымал әнші Ақбота Керімбекованы «жиналған ақшаға баласын үйлендірді» деп айыптаған болатын. Күні кеше Керімбекова өзінің Instagram-парақшасында осы сөзге жауап берді.

«Құрметті Қазақ елі... Көптен бергі сұрақтарыңызға жауап ретінде салып отырмын. Мен де сіздер сияқты Гауһар мен Бақыт әпкерлердің арасындағы жағдайдың ақ-қарасын білмеймін. Түрмеге түсті дегенде шығарып алайық деп ақша жинадық. Енді Гаухар бергізбеді, бермейсіңдер деп отыр. Біздің ниетіміз бәрі жақсы болсын деген тілек. Ары қарай сот өкімі шешеді. Артық сөз шаршатты шын... Не болса да дұғада болайық өтініш», - деп жазды А.Керімбекова. 

Сондай-ақ, сотталған сазгер Гауһар Әлімбекованың өзі де Ақботаны жақтап, жиналған қаражаттың сол қалпында тұрғанын мәлімдеді. Өзінің де одан бір тиын алмағанын, ешкімге ақша беру ойында жоқ екенін, егер берсе, айыпты болғанын мойындау деп түсінетінін айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін әншілердің бірігіп қаражат жинап, Гауһар Әлімбекованы кепілмен босатып алғанын жазған болатынбыз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары