$ 444.22  476.38  4.82

Азамат Сатыбалды ел арасындағы қауесетке сенбеу керек екенін айтты (ВИДЕО)

Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың директоры, танымал актер Азамат Сатыбалды жұрттың оқуға ақша беріп түседі деген сөзіне қатысты жауап берді. Бұл жөнінде ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

«Адам мамандық таңдауда қателеспеу керек....Қымбатты менің жас достарым, актер боламын деген шешім қабылдасаңыздар, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясына келіңіздер... Ақша береді екенсің деген өтірік әңгімеге сенбеңіздер. Таныс, тамыр іздемеңіздер,өтініш. Өздеріңіз келіп бақтарыңызды сынаңыздар. Таныс арқылы емес, талант арқылы өтіңіздер. Бізге керегі талантты жандар. Бәрі шынайы және таза болатынына мен уәде беремін»,- дей келе, актер өзінің де сол іске атсалысатынын аңғартады.

Сондай-ақ, өнер иесі академия ректоры Асxат Максимұлының басты мақсаты да сол, нағыз талант иелерін тәрбиелеу екенін жеткізді.

«Ендеше кездесу орны Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы. 25 мамырдан бастап құжаттарды қабылдаймыз»,-деп Азамат Сатыбалды ізбасарларын оқуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары