$ 449.58  486.94  4.86

Қыдырәлі ауылын саламын: Қыдырәлі Болманов алға қойған мақсаттарымен бөлісті

Танымал әнші, продюсер әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов өзінің алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Өнер иесі Instagram-парақшасында болашаққа ауқымды жоспар құрып отырғанын мәлімдеген.

Мәселен, ол алға қойған мақсаттарының бірі – Қыдырәлі ауылын салып, мұқтаж адамдарға көмектескісі келетінін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпкер отандық өнімдерді дамытып, нарықтан шетел өнімдерін ығыстырып, өзгеге кетіп жатқан қаражатты өзімізде қалдыруды армандайтынын жеткізген.

«Алдыма қойған мақсаттарымның бірі - Отандық брендтер мен Отандық өнімдерді дамыта отырып, жылда Қытайға, Түркияға, Өзбекстанға, басқаға кетіп жатқан миллиардтаған қаржыны өзімізде қалдырып, өзімізге жұмыс істету - адал еңбекпен миллиардер болу! Мұқтаж жандарға помидор, қияр, сәбіз, картоп өсіретін жылыжайлармен қоса, арнайы ауыл салып беру. Қыдырәлі ауылы деп аталады. Мал ұстауға да болады. Барлық керемет ғалымдарымызды жинап, институт ашып, сол институт түгелдей 2 ғылымның негізінде (этнопедагогика, этнопсихология) балабақшалардан бастап, білім жүйесін тазалап, өз қаражатыма ретке келтірер едім... », - дейді кәсіпкер әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Қыдырәлі Болмановтың жары әнші Қарақат Әбілдинаның туған күнінде қайырымдылық концертін өткізгенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары