Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның сахналық әріптесі Нұрболат Абдулиннің жанында мың бұрала билеген биі әлеуметтік желіде көптің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары өнер иесін ерсі биі үшін сынап, жасына лайық емес екенін айтуда.
Аталған видеоролик Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған. Оған пікір жазғандардың көбі актрисаның биін оғаш көріп, жараспайтынын айтып, теріс пікірлерін жаудырып жатыр. Тіпті, «Айгүл ішіп алса осы, қуады» дегендер де бар.