$ 445.66  474.58  4.78

Димаштың елордадағы концертіне жанкүйерлері Аустралия, Бразилия, Канададан арнайы келмек

 

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған кеш билеттерінің жартысынан астамы өтіп кеткен. Оның таланты мен шығармашылығына табынушылар Астана қаласына Қытай, Франция, Мексика, Австралия, Канададан арнайы келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК АҚ  басқарма төрағасы Ерлан Карин.

Билет сатып алушылар арасында ең белсенділері Қазақстан, Ресей, Америка, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Түркия, Нидерланды, Румыния, Польша мемлекетттерінен. Алғашқы  күні жалпы билеттің  30 пайызы сатылған, ал бүгінгі күні 15 156 билет сатылып, ол жалпы көлемнің 66 пайызын құрап отыр. 

Танымал әншінің концертіне  кәсіби бишілер үшін арнайы кастинг ұйымдастырылып, іріктелген. Концерттік бағдарлама кинетикалық стильде болмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің концерті 29 маусымда өтеді.

Дереккөз: Today.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары