Отандық актриса Гүлназ Жоланова фильмде Тәуекел Мүсіліммен сүйісуге неліктен рұқсат бергенін айтты деп жазады «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
«Махаббатым жүрегімде» сериалына түскен актриса Тәуекел Мүсіліммен ғашықтар рөлін сомдаған. Отандық сериалда ғашықтардың сүйісетін кадрлары бар.
Гүлназ Жоланованың айтуынша, мұндай ашық кадрлар осы кинода ғана кездеседі
«Менің де, оның да кино әлеміне алғаш аяқ басқан, аңқау, көп нәрсені білмейтін кезіміз. Шынын айтқанда ол арада менде таңдау болған жоқ. Талап еткен нәрсені орындадым. Бірақ одан кейінгі сериалдарда мұндай кадрға түскен емеспін», - дейді актриса.
Гүлназ Жоланова сериалға түскенімен, туған-туыстарының сөзінен қатты қорыққанын айтады.
Түсірілім алаңынан шыққан бойда актриса анасына хабарласып, «Махаббатым жүрегімденің» 4-ші сериясын көрмеуін сұраған.
«Анама телефон соғып, үйге қонақ шақырма деп ескерттім. Ана фильмнің 4-ші сериясын көрмей-ақ өткізіп жіберіңіздерші деп өтіндім. Онда сүйісетін жерім барын, бұл арада менде таңдау болмағанын айтып, анамнан ренжімеуін сұрадым», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Гүлназ Жоланова сүйіктісі бар екенін мәлім еткен болатын.