$ 445.66  474.58  4.78

Димаш Құдайберген өзін 10 сағат бойы жаңбыр астында күткен жанкүйерлеріне алғыс айтты (ВИДЕО)

Талантты әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында кезекті концертін берді. Алайда, концерт кезінде жаңбыр жауып кеткен. Соған қарамастан тыңдармандары Димаштың әдемі әндерін тыңдап тұрған. Өнер иесі өзіне осындай үлкен құрмет көрсеткендерге Instagram–парақшасында алғысын жеткізді.

«Кешегі концертiміз жаңбырдың астында өтсе де, көңілді өткен секілді. 10 сағат жаңбырдың астында мені күтіп тұрған барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс білдіремін. Рахмет Чэнду!»,-деп жазған өнер иесі концертке кешігіп келсе де, өзін күтіп тұрған жанкүйерлеріне алғысы шексіз екенін айтады.

Еске сала кетейік, 22-23 наурызда жас талант иесі Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайында жеке концертін өткізді. Оның шығармашылық кешіне әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлері келді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары