$ 494.87  520.65  4.91

Күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін оңбай таяқ жеген Баян Алагөзова көзінің әлі ауыратынын айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзова осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін Бақытбек Есентаевтан оңбай таяқ жеген болатын. Шоу-бизнес өкілі ескіден қалған жараның әуресінен әлі құтыла алмапты. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Көзілдірікті неге шешпейсің?» деген жиі қойылатын сұраққа жауап бере кетейін. Көзім жарыққа шыдамайды. Ауырады. Ал көзілдірік күннен қориды. Сұраққа жауап бердім деп ойлаймын, – дейді продюсер.

Көзілдірік Баян Алагөзованың сұлулығына нұқсан келтірмейтінін, әдемілігі сол қалпында қала беретінін жарыса жазды оқырмандары.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қарашасында Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары