Танымал продюсер Баян Алагөзова осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін Бақытбек Есентаевтан оңбай таяқ жеген болатын. Шоу-бизнес өкілі ескіден қалған жараның әуресінен әлі құтыла алмапты.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.
«Көзілдірікті неге шешпейсің?» деген жиі қойылатын сұраққа жауап бере кетейін. Көзім жарыққа шыдамайды. Ауырады. Ал көзілдірік күннен қориды. Сұраққа жауап бердім деп ойлаймын, – дейді продюсер.
Көзілдірік Баян Алагөзованың сұлулығына нұқсан келтірмейтінін, әдемілігі сол қалпында қала беретінін жарыса жазды оқырмандары.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қарашасында Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.