Мәдениет & Шоубиз 07.05.2019 сағат 09:50

Отан алдындағы борышын өтемеген жұлдыздар кімдер?

7 мамыр – Ұландар күні. Қазақстандық жұлдыздар арасында отан алдында борышын өтеген өнерпаздар бар ма? Кім елі үшін қызмет етті, абыройлы міндеттен қалыс қалған кімдер? Бұл туралы Stan.kz жазады.

Отан алдындағы борышын өтемеген жұлдыздар кімдер?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Әскерге арнайы барған жоқпын. Менің екі жоғары білімім бар. Бірінші білімді алып жатқанда, біз әскери кафедраны оқыдық. Негізі офицермін. «Инженер» мамандығын алдым. Ал ұлыма әскерге баратын жағдай болып жатса да, оны офицерлік училищеге жіберемін. Себебі компьютерлік білім маңызды. Әр нәрсені баспан істеген дұрыс», - дейді Айқын Төлепберген.

Абай Бегейге қатардағы жауынгер мәртебесі бұйырмаған. Әншіге әкесі мен ағаларының ел алдында еткен еңбегі көп көмегін тигізіпті.

«Мен әскерде болмадым. Себебі біз әскерге кететін жылы жаңа заң шықты. Үйінде төрт баласы әскерге барған болса, өзі соғыз ардагері болса, одан кейінгі балалар әскерге алынбасын деген заң шықты. Бірақ бізден кейінгі шақырылғандар кетті. Менің әкем соғыс ардагері болған. Мен кетейін деп дайындалып жүрген едім. Сол себепті әскерден қалдым. Бірақ әскери билетімде бәрі заңды. Үлкен ұлым бар. Әскерге барғаны дұрыс. Көп нәрсені үйренеді, піседі. Отанға, елге деген патриоттық сезім жүрегінде болады. Екінші жағынан тәртіпке бағынады», - дейді Абай Бегей.  

Асхат Тарғын да отан алдындағы борышын өтемеген. Өйткені, ұлының әскерге баруына әкесі қарсылық танытқан әрі үйдің еркесі болған көрінеді.

«Әскерге бармадым. Себебі үйдің кенжесі болдым. Үлкен ағам оқуда болды, екінші ағам әскерде болды. Сонымен әке-шешеміздің қасында, ауылда мал қарап, үйде дегендей қалып қойдым. Сөйтіп мен өнерге қадам басып кеттім. Содан әкем: «Балам, неғаласың, екі ағаң барды ғой әскерге. Осы өнерде жүре бер» - деді. Бірақ ұлым өсіп келе жатыр. Міндетті түрде әскерге жіберемін», - дейді Асхат Тарғын.  

«Жігіттер» тобының әншілері де әскердегі күндерден гөрі, өнердегі сауық-сайранды таңдаған. Аталған төрттіктің мүшесі Ердос Қанаев, бар уақытын білім мен музыкаға арнағанын айтады.

«Әскер қатарында болған жоқпын. Өйткені университет қабырғасында бес жыл оқыдым да, кейін өнер жолына түстік. Одан кейін екінші мамандық алу үшін, тағы оқуға түстім. Сөйтіп уақытымыз өтіп кетті. Жас кезде азаматтық борышымды өтеп келсем деген мақсат болды. Бірақ ол мақсатқа жете алмадым», - дейді «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев.

Ал, «Бақай» дуэтінің жетекшісі Бек Шәріп, Ердос Қанаевқа қарағанда пысықтау болған секілді. Өйткені «Жігіттер» тобы оқыған университетте «Опмай-опмай» орындаушысы да тәлім алған екен. Бүгінде өнерпаздың әскери билеті қалтасында.

«Біздің университетте әскери кафедра болған. Сол жерде болдық. Негізі әскерге бармадым. Бірақ офицер шенім бар, әскери билетім бар. Ер бала әскерге бару керек қой. Елге қызмет жасау керек. Одан кейін «Дедовщина» деген бар. Ол барлық жақта болады. Ол өзінің заңы ғой. Ер азамат болғаннан кейін оған төзе білу керек», - дейді «Бақай» тобының әншісі Бек Шәріп.

Айта кетейік, отандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында ата-анасынан жырақ кетіп, отан үшін түн ұйқысын төрт бөлген жұлдыздар да жетерлік. Мәселен, талай таланттың бағын ашқан қос продюсер Эрик Тастамбеков пен Алтынбек Рахметов КСРО кезінде әскерге аттанса, сондай-ақ сап түзеген сарбаздар тізімінде әнші Бүркіт пен «Меломен» тобының солисі Қайрат Мырзаханов та бар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар