Мәдениет & Шоубиз 06.05.2019 сағат 09:45

Ұлы дала баласы «Ұлы дала шпионы» фильмін түсіретінін айтты

Төреғали Төрәлі көрерменге жаңа кино ұсынбақ, деп хабарлайды Stan.kz «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

Ұлы дала баласы «Ұлы дала шпионы» фильмін түсіретінін айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Киноиндустирияда Қайрат Нұртастың ізін жалғап, «Ұлы дала баласы» картинасын халыққа ұсынған Төрештің бұл салаға деген қызығушылығы арта түскен. Айтыста да, әншілікте де бақ сынап, халықтың сүйіктісіне айналған өнер иесі тағы да кино түсірмек. Әнші бұл туындысын сахнада жүргеніне 10 жыл толуына орай халыққа ұсынамын дейді.

«Еңбектің түбі - жеңбек. Биыл күзде сахнада жүргеніме 10 жыл. Сол мерейтой аясында «Ұлы дала шпионы» деген фильм түсірейін деп жатырмыз», - дейді Төреғали. 

Сонымен қатар, әнші Ұшқын Жамалбекпен жаңа бейнебаянның да жұмысын бастап кеткен. Қазақи нақыштағы бұл туынды «Тақия» деп аталмақ. Дегенмен, Төреғали бұл бейнебаянда тек орындаушы ғана екен. 

«Оны Ұшқыннан сұраңыз, авторы сол. Мен тек орындаушымын», - деді Төреғали Төрәлі.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар