14.05.2019, 05:35

Димаш Құдайберген аты аңызға айналған әншімен дуэт жазып жатқанын айтты

Талантты әнші Димаш Құдайберген әлемдік музыканың шыңын бағындырмаққа бел буған сыңайлы. Өнер иесі Instagram-парақшасында аты аңызға айналған әншімен дуэт айтуға дайындалып жатқанын жазған.

«Әлемдік музыканың аңызымен дуэт жазып жатырмыз... World music awards жеңімпазы, ән айту ерекшелігі, мықты энергетикасы әлемдегі миллиондаған адамды оған ғашық еткен. Кім екенін сәл кейінірек білетін боласыздар»,-деп жазған ол.

Желі қолданушылары Димаштың қадамына сәттілік тілеп, өнерін жоғары бағалайтындарын жарыса жазды. Пікір білдірушілердің көбінің ойынша, Димашпен дуэт айтатын әнші Андреа Бочелли.