$ 444.22  476.38  4.82

"Әркім өзі біледі": Қазақстандық жұлдыздар жүкті боп тұрмысқа шығу туралы ойымен бөлісті

Өнер жұлдыздары жүкті болып тұрмысқа шығу туралы өз ойларын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әншілер қыз баланың жүкті болып тұрмысқа шығуына қатысты пікірлерін айтып берді. Мәселен, Шахизада қыз баланың тәрбиесі анасына тікелей байланысты дейді.

«Отбасында қыз баланы анасы дұрыстап тәрбиелеуі керек», - дейді Шахизада.

Бұл сұрақты естігенде ыңғайсызданып қалған Қуандық Рахым болса адал некені қолдайтынын жасырмады.

«Құдай сақтасын. Менікі өзім жоспарлағандай болатын шығар деп ойлаймын. Ақ некемен, адал түрде, некесі қиылып жасалған дүние дұрыс қой», - дейді ол.

Ал, Әли Оқапов үшін бұл мәселе айтарлықтай ұятты көрінбеді. Әркім өзі біледі дейді әнші.

«Махаббат болса және ата-анасы қарсы болмаса болды. Тойға дейін бе, тойдан кейін бе оны әр адам өзі шешеді», - деген пікірде Роза Рымбаеваның үлкен ұлы.

Әлидің сөзін Жазира Байырбекова да қолдап шықты. Өнер жұлдызының айтуынша, әркім маңдайына жазғанды көреді.

«Қолдаймын деп те, қолдамаймын деп те айта алмаймын. Әркімнің тағдыры әртүрлі. Сондықтан, әркімге бақ әртүрлі жолмен келеді», - дейді Жазира Байырбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары