«Астарлы ақиқат» бағдарламасына келген «Нысана» театрының әртістері орынсыз қалжыңдары үшін жұрттан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Өйткені, ұстаздар туралы әзіл айтқан жігіттер күлдіремін деп, бүлдіріп алған секілді.
Студияға келген қонақтар бірден «Нысананың» жігіттеріне бұтының астынан оқушыға қарап тұрған ұстазды көрсетіп, ұстаздарды мазақ қылуға болмайтынын айтты. Жас ұрпақ бұдан қандай тәрбие алады деген көпшілік әзілкештерді сынның астына алды.
«Екі аяғының астынан оқушыға қарап тұрған мұғалімді жындыханадан ғана көруге болады», «Бес еркектің біреуі міндетті түрде әйел образын алып шығады», «Мұғалімді мазақ қылып көрсетуге болмайды», «Нысанамызға «Нысана» театры ілігіп қалған сияқты», «Болашаққа тәрбиелеп отыр ма мыналар?», -деген сөздерден кейін «Нысананың» әртістері өз қателіктерін мойындап, көпшілік алдында кешірім сұрады.