17.05.2019, 09:45

«Шімән апа шал тауып алды»: Кемпір рөлін сомдаған Ерболат Төлегеновке ғашық болған шал жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Шімән апаның рөлін ойнайтын Ерболат Төлегеновке ғашық болған шал жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде кезекті тойлардың бірінде Шімән апа болып ойнайтын Ерболат Төлегеновке бір шал ғашық болып қалып, салтанатты шараның дәл ортасында Ерболатты құшақтап, сүйіп жүрген видеосы жарияланды. Актерді, шынымен, Шімән апа деп қабылдап қалған шал жұртты күлдірді.

"Бекқожа, жай қыссаңшы. Біртүрлі болып қалдым ғой. Шекемнен тер шықты ғой құрсын. Ай, жақсы қойшы енді. Жас балалардың алдында ұят қылдың ғой сен. Бірақ, жақсы билейді екен Бекқожа. Сенде тек мұрт емес, құртың да бар екен. Менің талғамымда емессің", - дейді Ерболат Төлегенов.

Әзілдеймін деп жүріп ойыннан от шығып кете жаздаған. Еркекпін деп айтқан Шімән апаға шал сене қоймапты. Құшақтап, сүймекші болып жүрген шалдан актер әрең қашып құтылған.

 

 

Тегтер: шал