Әлем жұлдызына айналған Димаш Құдайберген бала кезіндегі суретін жариялады. Өнер иесінің фотосы желіде қызу талқыланып жатыр.
«Не деген бас мынау? Денемнен де үлкен боп тұр ғой», - деп жазды ол Instagram-парақшасына.
Желі қолданушылары болса, «Даусың басыңа сыймай тұрған екен», «Іші тола талант қой», «Басыңнан айналайын. Қазақтың мақтанышы», деп түрлі пікір қалдырған.