28.05.2019, 16:18

Тәртіп сақшысына ән арнаған Ерке Есмаханға Атырау полициясы департаменті басшылығы алғыс хат табыстады

Ерке Есмахан Атырауда өткен шаралардың бірінде ерлікпен қаза тапқан полицейге арналған әнін орындап, көпшіліктің ризашылығына ие болды.

Ерке Есмахан Атырауда өткен қалалық көпшілік шаралардың бірінде Шалқар Ақымғалиевке арналған "1001 күн" әнін орындап, көпшіліктің ризашылығына бөленді, деп хабарлайды SN.kz тілшісі. 

Әнші Атырау облыстық әкімдігі алдындағы алаңда бірнеше ән салды. Бір туындысы Шалқар Ақымғалиевке арналды. 

Өз кезегінде жергілікті полиция департаменті басшылығы Ерке Есмаханға осы ән үшін алғыс хат табыстады. 

Айта кетейік, 24 жастағы Шалқар Ақымғалиев көктемде суға секірген әйелді құтқарамын деп ерлікпен қаза тапқан болатын. 

Бүгінде "1001 күн" әніне түсірілген бейнеклип Youtube желісінде 3,5 млн рет қаралған.