$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте тұңғыш рет «Қызғалдақ жолы» фестивалі ұйымдастырылды

Шымкенттіктердің сүйікті мекені – Арбат демалыс аймағы қаланың символы болған қызғалдақтардың орталығына айналды. Флористер дайындаған шоқгүлдер Арбаттың көркін ашып, фотокөрме, балғындардың қылқаламынан туындаған суреттер галереясы ұйымдастырылды. Арбат жолымен саудагерлер мен қолөнершілердің ежелгі керуені жүріп өтті.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мегаполис тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. "Қызғалдақ фестивалі қаламызда халықаралық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қызғалдақтың отаны – еліміздің Оңтүстігі екенін мақтаныш етеміз. Сондықтан осынау әсем гүлді брендімізге айналдырып, әлем қызғалдақ арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатпен фестивальді ұйымдастырдық", - дейді шаһар басшысы. Фестиваль аясында шеберлер қаласы ұйымдастырылды. Ерекше қалада балалар өздері қызығып жүрген өрт сөндіруші, полиция, дәрігерлер секілді маман иелерімен жүздесіп, жұмыстарымен танысты. Аталған фестиваль кешке дейін жалғасты. Флористер шеберлік сабақ өткізіп, сән көрсету, лотерея ойыны ұйымдастырылып, соңы эстрада жұлдыздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент