$ 448.15  483.46  4.86

«Не сән, не құтыру?»: Мәди Манатбек анасының аяғын сүйген жұлдыздарға шүйлікті

«Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән, не құтыру?»
Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Белгілі журналист Мәди Манатбек анасының аяғын жуып, табанын сүйген өнер жұлдыздарына шүйлікті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды. 

«Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән, не құтыру? Жұмақ анаңның табанының астында дегенді білеміз, берік ұстанамыз, бірақ видеоға түсіріп, жұртқа жариялап жарысқанды алғаш көруім. 

Осының бәрін бастап, эстафета жариялап жүрген оңай табысқа, атақ-мансапқа мастанған, қоғам шындығынан алыстап кеткен әншісымақтар. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу деген еш жариясыз, риясыз атқаратын пенденің күнделікті тіршіліктегі міндеті емес пе?!

Құдай алдындағы борышын рия болады деп қорықпай жариялайтын діни буквализмге, фанатизмге ұрына бастадық. Біртүрлі қоғамға, сапасыз, санасыз, даңғой елге айналып барамыз. Мұндайда имамдар, теолог ғалымдар араласып, ненің абзал, ненің жөн екенін анықтап, нақты айтып беруі керек», – деп ашынды журналист. 

Айта кетейік, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің анасының аяғын жуып, табанын сүйген видеосы желіде қызу талқыланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары