$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: Алаш арыстарын еске алу кеші өтті

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музейінде тағдырлас үш бәйтерек Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті.

Ашаршылық және тоталитарлық саясат жылдарында жазықсыз жапа шеккен тұлғалардың рухына тағзым ету – кездесудің басты мақсаты. Жиын барысында алдымен есімдері тәуелсіздікпен тікелей байланысты Алаш арыстары турасында арнайы дайындалған фильм көрермен назарына ұсынылды.

Сонымен қатар музейде арнайы экскурсия ұйымдастырылып, жиналғандардың санасын бір серпілтті. «Жас ұрпақтың Алаш зиялыларын өз деңгейінде тани бермейтіндігі қынжылтады» - дейді ұйымдастырушылар. «Қазіргі кейбір жастарымыздың Алаш қайраткерлерін танымайтыны рас! Бәрі бірдей таниды деп айта алмаймыз, әрине. Алаш қайраткерлеріне арналған, ашаршылыққа айналған, зобалаң жылдарды танытатын деректерді көріп, «Біз осы кезге дейін тарихымызды білмегенбіз деп» жылап шыққандары болады» деді Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары