Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Түркияда сүйіктісін іздеп пост жазып, құлап қалған сәтімен бөлісті. Видео өнер иесінің Instagram-парақшасында жарияланды.
«Маxаббатты ешқашан күтпе! Аяқ астынан, кез келген уақытта келе салады» дейді ғой, білгіштер!
Мен де күтіп жүргем жоқ. Бірақ осыны оқып отырсаң: «келе берші айналайын, мен бұрыннан дайынмын. Видеода құлап қалған кезімде жігітім жоқ екені есіме сап ете қалды!», – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Ерке Есмахан дәл қазір ұлы Мүсіліммен Түркияда саяхатта жүр.