30.05.2019, 14:00

Достық үйінде Славян мәдениеті күніне орай арнайы мерекелік концерт өтті

Көрермен көңілінен шыққан концерттік бағдарламаға Қарағанды және Шахтинск епархиясының өкілдері мен шығармашылық ұжымдары және

Достық үйінде Славян жазуы мен мәдениеті күніне байланысты арнайы мерекелік концерт өтті. Тарихи мереке славян жазушылары Кирилл мен Мефодияны еске алу күні болып саналады.

Шараның негізгі мақсаты: облысымызда тұратын этностардың өнері мен мәдениетін дамытып, азаматтардың патриоттық рухын арттыру. Сонымен қатар Қазақстан этностарының өнерін, салт-дәстүрін құрметтеуге, ұлт тарихын ұмытпауға ықпал жасаған қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін көрсету.

Славян жазуы мен мәдениеті күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Біздің еліміз Орта Азиядағы бұл мерекені атап өтетін жалғыз мемлекет болып табылады екен. Айтулы мереке жыл сайын мемлекеттік институттардың қолдауымен тойланады. Концерттік бағдарлама басталмас бұрын мереке қонақтарына арнап Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын және Қарағанды өңірі бойынша протоиерейі Михаил Патрикеев құттықтау сөз сөйледі. Бұл күні мерекеге келген әр түрлі этнос өкілдері әні мен биі жарасым тапқан концертті тамашалап қана қоймай, славян мәдениеті мен жазулары туралы қызықты мәліметтерге қанық болды.

Көрермен көңілінен шыққан концерттік бағдарламаға Қарағанды және Шахтинск епархиясының өкілдері мен шығармашылық ұжымдары және

қалалық, облыстық этномәдени бірлестіктері атап айтсақ, «Казачья вольница» халық ән және би ансамблі, «Аяла» хореографиялық ансамблі, шіркеу хоры, «Берегиня» орыс этномәдени орталығы, «Русалица» орыс этномәдени бірлестігі қатысып, көрерменге өз өнерлерін паш етті.