30.05.2019, 16:20

Пэрис Хилтонның жанкүйерлерінен жасырынатын 800-ден астам паригі бар болып шықты

Фото: Журнал OK!
Жанкүйерлерінің назарынан тыс қалуға тырысқан актриса мәселені шешудің ұтымды жолын тапқанын айтады.

Танымал актриса Пэрис Хилтон өзінің жасанды шашқа деген ерекше махаббатын ешқашан жасырған емес. Бұл туралы Entertainment Tonight арнасына берген сұхбатында айтқан болатын. 

Сұлулығымен тамсандырар актриса бүгінде коллекциясында түрлі-түсті, өлшемдері сан қилы 800 жасанды шаш үлгісі бар екенін айтып мақтанды. Жұлдыз қоғамдық орындарға танымастай өзгеріп шығатынын айтады. Жанкүйерлерінің назарынан тыс қалуға тырысқан актриса мәселені шешудің ұтымды жолын тапқанын айтады. 

«Шет елге сапар шегетін уақытта немесе жай ғана байқалмай қалу үшін мен қысқа қара шашты киіп, өңімді өзгертіп емін-еркін серуендей беремін», - дейді Хилтон журналистеге берген сұхбатында.

Тегтер: актриса