Димаш Құдайберген қарапайымдылығын көрсетіп, жанында жүретін күзетшілерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүретін Димаш тыңдармандарының көп болғаны үшін күзетшілерден кешірім сұрады. Алайда, әнші халықтың ықыласымен ғана өскенін, олар болмаса ешкім емес екенін жасырмады.
«Қасымдағы күзетшілерден бірауыз кешірім сұрап қойғым келеді. Бірақ, ол менің жанымның қалауы. Сол уақыттарда эмоционалды болатын шығармын», - дейді ол.
Барынша халыққа жақын болуға тырысатын, әлемді мойындатса да, қарапайымдылықты бірінші орынға қойған Димаш, тыңдармандарымен тығыз қарым-қатынас орнататынын жасырмады.
«Концерт барысында көрермендер маған жақындағысы келіп жатады, мен де көрермендерге жақындағым келеді. Маған да, көрермендерге де жақсы болсын деп тығыз қарым-қатынаста болып, қол алысып, суретке түсіп жатамыз», - дейді Димаш Құдайберген.