$ 498.34  519.72  4.85

«Басына отырды»: оралдық жеткіншектер Батырханның құрметіне қойылған мүсінді әбден қорлады (ВИДЕО)

Олардың мүсінді әбден мазақ қылған сәті өткен-кеткендердің де ашуына тиген.

Жеткіншектер Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған «Джулия» мүсінін әбден қорлады,  деп жазады ibirzha.kz.

Олардың мүсінді әбден мазақ қылған сәті өткен-кеткендердің де ашуына тиген. 

Кадрда бір топ жасөспірімнің мүсіннің басына отырып, ерсі қылық жасаған сәті анық көріне. Осыған қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін барлығы жауапқа тартылмақ. Жеткіншектерді 3-10 АЕК көлеміндегі айыппұл не 10 күнге қамауға алу жазасы күтіп тұр. 

Айта кетейік, 2017 жылы Оралда орнатылған «Джулия» мүсіні Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары