Жеткіншектер Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған «Джулия» мүсінін әбден қорлады, деп жазады ibirzha.kz.
Олардың мүсінді әбден мазақ қылған сәті өткен-кеткендердің де ашуына тиген.
Кадрда бір топ жасөспірімнің мүсіннің басына отырып, ерсі қылық жасаған сәті анық көріне. Осыған қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін барлығы жауапқа тартылмақ. Жеткіншектерді 3-10 АЕК көлеміндегі айыппұл не 10 күнге қамауға алу жазасы күтіп тұр.
Айта кетейік, 2017 жылы Оралда орнатылған «Джулия» мүсіні Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған болатын.