$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте Қырғыз суретшілерінің көрмесі ашылды

Шымкентке Қырғызстан суретшілерінің топтық шығармашылық көрмесі келді. Көрмеге Талас облысының тумалары 7 кәсіби қылқалам шеберінің 100-ден аса кескіндемелік туындылары қойылған.

«Әлемге жол ауылдан басталады» атты көрме қарапайым қырғыз ауылының тыныс-тіршілігін, адамдарының кең пейілін және тұмса табиғаттың таңдай қағарлық сұлулығын әспеттейді. Картиналардан Алатаудың бөктеріндегі кең жайылымдарды, Қырғыз елінің басты байлығы — мал шарушылығын да аңғаруға болады. Айта кетейік, қарапайымдылыққа тұнған көрме мамыр айының соңына дейін ел назарына ұсынылады.

- Мына суреттерге қараңызшы, өзіміздің ауіылдың әңгімесі айтылып жатыр. Мысалы, жас кезіміздегі бұзауды сүйреп келе жатқан кездерімізді көреміз. Өмірді өте жақсы бере білген. Ақындар айтады ғой «жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» деп. Суретшілерде де тура сондай. Жүректен шыққан жұмыстың жүрекке жетіп тұрғанын көруге болады,-дейді ҚР Суретшілер одағының мүшесі Болатбек Бейісбеков. 

Ал, Қырғызстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Бообек Арыков: «Бұл біздің Шымкентке алғаш келуіміз емес. Осыдан алдын тағы екі рет келгенбіз. Келген сайын Шымкент халқының бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігіне қайран қаламын. Өте жоғары бағалай біледі. Бүгін де келушілер өте көп. Қатты разы болып тұрмын. Қырғыз — қазақ бір туған деп айтады ғой. Өнеріміз де, жанымыз да бәрі бір-бірімен сай келіп жатады. Өз бауырындай қабылдайтын қонақжайлығы да ұқсайды. Сондықтан да үлкен алғысымды айтамын баршаңызға. Көрмемізді келіп көріп, өз бағаңызды беріңіз»,-дейді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары