Мәдениет & Шоубиз 03.06.2019 сағат 10:31

Нұртас Адамбай халықаралық байқаудан бірінші орын алған ұлымен мақтанды

Ыстық ықыласын  білдіргендер «Мықты әкенің баласы да мықты», «Сіз керемет әкесіз!» деп жеңімпаздың әкесінің еңбегі зор, үлгілі азамат екендігін де айтуда.
Нұртас Адамбай халықаралық байқаудан бірінші орын алған ұлымен мақтанды
Фото: Instagram
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұртас Адамбайдың ұлы менталды арифметикадан Еуразия чемпионы атанды. Бұл туралы актер өзіңінің Instagram-парақшасында хабарлап, баласын жеңісімен құттықтады, дейді SN.kz тілшісі. 

«Мың қатысушының арасынан бірінші орын! Құттықтаймын, балам! Былтыр Әлішер Алматыда өткен қалалық олимпиадада бірінші орын алған еді, енді Еуразия чемпионы болды!» деп сүйіншілеген жаңалығына қалың оқырман құттықтауларын жаудырып жатты. 

Ыстық ықыласын  білдіргендер «Мықты әкенің баласы да мықты», «Сіз керемет әкесіз!» деп жеңімпаздың әкесінің еңбегі зор, үлгілі азамат екендігін де айтуда. 

Арада аз уақыт өтпестен Нұртас Алдамбай жеңіс биігінен көрінген ұлына күшік алып бергенін айтып, жаңа суретін жариялады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар