Мәдениет & Шоубиз 04.06.2019 сағат 13:18

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған байқау жарияланды

Үздік сурет туындылары 26 маусым - 26 шілде аралығында «Мәңгілік ел» қақпасындағы Заманауи өнер галереясына қойылады. Оларды көрме келушілері мен Димаш Құдайбергеновтің фанаттары сатып ала алады.
Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған байқау жарияланды
Фото: Atameken Business Channel
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған сурет байқауы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Үздік сурет туындылары 26 маусым - 26 шілде аралығында «Мәңгілік ел» қақпасындағы Заманауи өнер галереясына қойылады. Оларды көрме келушілері мен Димаш Құдайбергеновтің фанаттары сатып ала алады. 

«Байқауға картиналар, мүсіндер, кестелер мен Димаш Құдайбергеннің басқа да техникаларда орындалған суреттері қабылданады. Онда кәсіпқой және әуесқой суретшілер, студенттер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және кез келген адам қатыса алады. Қатысушыларға еш шектеу қойылмайды. 

Көрмеге қатысуға өтінімдер мен туындылардың фотосуреттері 5-20 маусым аралығында triumf.arka@mail.ru электронды мекенжайына жолдануы тиіс», - делінген басқарманың ресми хабарламасында. Көрмеге кіру үшін «Мәңгілік ел» қақпасына билет сатып алу керек: ересектер үшін - 500 тг., балалар үшін - 350 (7 жасқа дейінгі балаларға тегін), студенттер мен жеңілдігі бар санаттағы азаматтарға - 250 тг. 

Еске салайық, Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті 29 маусымда «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаштың «Арнау» атты шоу бағдарламасы Елорда күніне арналады. Концертке әлемнің 15 мемлекетінен Димаштың фанаттары келеді.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар