$ 446.49  475.38  4.79

Шымкент циркі балалар мерекесіне ерекше қойылым әзірледі

Цирк өнерпаздары 1-16 маусым аралығында қала тұрғындары мен қонақтарына "1000000 қошеметпен" атты жаңа бағдарламасын ұсынбақшы. 1 маусым балаларды қорғау күнінде труппа ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балақайларға тегін өнер көрсетті.

Мерекелік кештің шымылдығын "Айгөлек" балалар ансамблі түрді. Мұнан соң манежге алғаш рет цирктің жас жануарлары шығып, балақайларға қуаныш сыйлады. Балалар әуе акробаттарының теңдессіз пластикасы мен үйретілген жануарлардың өнерін, сайқымазақтың көңілді нөмірлерін тамашалады.

Шымкент циркінің директоры Арман Әлиев ұжымның жаңа бағдарламасын миллионды қаланың туған күніне арналғанын айтты. Қайырымдылық қойылымына 2000 көрермен шақырылыпты. Ал «Фиркан» сауда желісі 450 балғынға тәтті сыйлады.

Айта кетерлігі, жуырда цирк теңгеріміндегі жануарлар жаңадан туылған 2 қоңыр қонжықпен толықты. Ал жаңа туған пониге ат қою үшін цирктің әлеуметтік желілердегі парақшасына байқау жарияланған. Жаңа бағдарлама жас жануарлардың дебюті болып отыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары