14.06.2019, 17:52

«Қабылдамадым»: Тимати тағы бір қазақ қызына ұсыныс жасады

Фото: sn.kz
Say Mo лақап атымен танылған Мөлдір телевизиялық шоу барысында Тиматидің шәкірті ретінде өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен болатын.

Ресейлік «Песни на ТНТ» бағдарламасында финалға шыққан Мөлдір Есембек Тиматидің BLACKSTAR лэйблына шақыртуына қабылдамады. Бұл туралы Мөлдір өз Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

Say Mo лақап атымен танылған Мөлдір телевизиялық шоу барысында Тиматидің шәкірті ретінде өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен болатын.

Рэп жанрында танылған әнші қыз парақшасындағы жазбасы арқылы өзінің тәуелсіз әртіс екенін жеткізді.

«Мені BLACKSTAR-дың құрамына шақырғаны үшін рахмет! Бірақ өз өнер жолымды өзім бастағым келеді. Жанкүйерлеріме алғыс айтамын! Мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап бердім деп ойлаймын», - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, «Песни на ТНТ» бағдарламасының осыған дейінгі жұлдызы қазақстандық Назима Жәнібекова Тиматидің ұсынысын қабыл алып, BLACKSTAR-дың құрамында өнер көрсетіп жүр.