15.06.2019, 14:45

«Олардың қыздары сұлу»: Жоланова футболшымен отбасы құрмайтынын айтты

Фото: newsroom.kz
Сондай-ақ, Қазақстан футбол құрамасының жетістікке жетпеуінің себебін түсіндірді.

Атақты актриса, футболдан Қазақстан құрамасының амбассадоры Гүлназ Жоланова «The Эфир» бағдарламасында футболшымен неге отбасы құрмайтынын айтты.

Гүлназға Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы ұнайды екен. Бірақ ол футболшыға тұрмысқа шығуды ешқашан ойламаған.

«Олардың қыздары өте сұлу. Барлығы мисс, модель сияқты. Біздің футболшылардың талғамдары шетелдік ойыншалардікіне ұқсас», - деді Жоланова.

Осылайша актриса өз сұхбатында әлі тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан футбол құрамасының жетістікке жетпеуінің себебін түсіндірді.

«Менің ойымша, ойыншыларға ұйымшылдық жетіспейтін сияқты», - деді құрама амбассадоры Гүлназ Жоланова.