Кәмшат Жолдыбаева Star of Asia фестивалінің қызыл кілемінен сақ патшайымының образында жүріп өтті. Осынау сәттегі фотосын ол өзінің Instagram-парақшасында жариялады.
Өнер иесінің костюміне көзі түскен көпшілік түрлі пікір жазып жатыр.
«Теңдессіз сұлусыз», «Қазақтың киімдерін бүлдіріп болды», «Басын жапқаны не керек, асты ашық», «Сіздің талантыңыз бен талғамыңызға тәнтімін», «Жаңажылдық шыршаға ұқсайсыз», «Қазақстанда Алтын адаммен қатар Алтын ханым пайда болды», «Киіміңіз өте жамаг», – пікір жазды олар.