Мәдениет & Шоубиз 16.06.2019 сағат 15:10

Ринат Зайытов айтыстан қуылды

Жүрсін Ерман Ринат Зайытовты айтыс тізімінен алып тастағанын айтты. 16 маусымда Тарбағатайда өтетін айтысқа Ринат қатыспайды.
Ринат Зайытов айтыстан қуылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жүрсін Ерман Ринат Зайытовты айтыс тізімінен алып тастағанын айтты. 16 маусымда Тарбағатайда өтетін айтысқа Ринат қатыспайды.

"Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" Жүрсін Ерман Ринат Зайытовтың дәл қазір қайда екенінен бейхабар екенін айтты, деп жазады Stan.kz.

"Ринаттың қазір қайда екенін білмеймін. Туған жері Аягөзге кетіп қалған секілді. Ол 16 маусым күнгі Тарбағатайда өтетін айтысқа қатысуы керек болған, алайда соңғы кездегі жағдайға байланысты Ринатты айтыс тізімінен сызып тастады. Айтыс ұйымдастырушылары Ринатты айтыстан алуды сұрады", - деді Жүрсін Ерман.

Айта кетейік, бұған дейін алаңға шыққан Ринатты полицейлер ұстап әкеткен еді. Ринат сайлауда Әміржан Қосановты қолдауға шақырғаны үшін халықтан кешірім сұрады. Кейін өзін полицейлердің босатқанын айтып видео жариялады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар