$ 494.87  520.65  4.91

«Ән айтқызып жатыр»: Айқын Төлепберген Батырханды түсінде көргенін айтты (ВИДЕО)

Осылайша өнер иесі сахнаға шығуына қолдау көрсеткен Батырхан Шүкеновті есіне алды.

Әнші Айқын Төлепберген түсінде марқұм Батырхан Шүкеновты көріпті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Жақында Батыр ағамды түсімде көрдім. Мені бір байқауға апарып, «Нелюбимая» әнін айтқызып жатыр екен», - деп жазды әнші.

Осылайша өнер иесі сахнаға шығуына қолдау көрсеткен Батырхан Шүкеновті есіне алды.

«Батырхан ағам  мені әрдайым «қазақтың Элвис Преслиі» деп айтатын. Түрім де, дауысымның тембрі де кей әндеріне келгендіктен шығар. Сізді жақсы көреміз және есіміздесіз!», - деп жазды Айқын Төлепберген.

Еске салайық, Қазақстан еңбек сіңген қайраткері, әнші, сазгер Батырхан Шүкенов 2015 жылы 53-ке қараған шағында өмірден озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары