$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда Батырхан Шүкеновты еске алады

Батырхан Шүкеновті еске алу кеші Республика Сарайы алдындағы «Абай» алаңында өтеді. Бұл жайындаАлматы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлап отыр. 

"18 мамыр күні кешкі сағат 20:00-де ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновтің туған күнінде оны еске алу кеші өтеді" делінген аталған хабарламада.

Кешті Батырхан жақсы көретін «ChickFlick» тобы ашады, олар оның репертуарынан бірнеше ән орындайды, бұдан соң Республика Сарайының алдыңғы жағында «Батыр: Live» атты фильм-концерт көрсетіледі, оған әртістің өнер көрсетулері, достары мен жақындарына берген сыр-сұхбаттары, сахна сыртындағы сұхбаттары, әншінің қысқаша түсініктемелері енген.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 53-ке қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Дәл осы күні митингіде Алматы қаласының Әкімі А.Есімов әртістің туған күнінде еске алу кешін өткізу туралы жария жасады.

Осы күні «Абай» алаңына келетін барлық қалалықтардан автокөліктерді бірнеше орам ары қалдырып, өткізілетін орынға (КИМЭП аялдамасы) қоғамдық, муниципалдық көлікпен жетуді өтініп сұраймыз. Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болу үшін «Арман» кинотеатрының жанында тұрақ және Республика Сарайының ақылы жерасты паркингі жұмыс істеп тұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары