17.06.2019, 15:50

«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды

Фото: www.kazakhfilmstudios.kz
Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

«Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.  

Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері - Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде.

«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында»,- дейді фильмнің режиссері Қалымбетов. Түсірілім  жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы  және Алматы облыстарына жол тартпақ.

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

«Біз фильмде Мұқағали Мақатаевтың есейген кезін, сондай-ақ Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақытын көрсетеміз», - дейді режиссер.