Аман Тасыған жүргізетін «New Old Qazaqtar» бағдарламасына Айжан Байзақова мен Қымбат Әбілдақызы қонаққа шақырылған болатын. Айжан бұл жолы өзінің өмір сүру ұстанымымен Әбілдақызын еріксіз жылатты.
Ата-анасы бар Айжанның тәрбиесіне «Айгөлек» журналының бас редакторы қатты қынжылатынын айтты.
«Масқара, Айжан, масқара... Қызы әкесін сыйламаса, жер бетінде қалай басын көтеріп жүреді? Мүмкін ол көшеде жүргендердің әке-шешесі жоқ шығар. Мен сені жалаңаштанып, жаман жолда жүргеніңе қимай отырмын. Ал сенің әкең қалай жер басып жүр?», – деп ол көз жасына ерік берді.
Десе де Қымбат Әбілдақызы Айжанның болашағынан зор үміт күтетінін айтып қалды. Ол блогердің көзінен жақсылық көріп тұрғанын, жаман әрекеттерінің уақытша ғана нәрсе екенін жеткізді.