$ 443.37  474.49  4.83

«Маған қызғануға болады»: Бүркіт шетелдік әншімен дуэт жазып жатыр (ВИДЕО)

Жұлдызды жұп енді өнерде бөлек ән айтып көрмекші. Аиша жеке орындауындағы әніне бейнебаян түсіріп жатса, Бүркіт шетелдік жұлдызбен дуэт дайындап жатыр.

Бүркіттің әйелі жеке әншілікті қолға алуда. Ол туралы «Айта берсін» бағдарламасында Аиша көпшілікке өзі хабарлады.

Жұлдызды жұп енді өнерде бөлек ән айтып көрмекші. Аиша жеке орындауындағы әніне бейнебаян түсіріп жатса, Бүркіт шетелдік жұлдызбен дуэт дайындап жатыр.

«Айбек Наташа Королевамен жаңа дуэт жазып жатыр. Маған қызғануға болады, бірақ оған негіз жоқ. Өйткені шығармашылығымызда өзгеріс болғанын қалаймыз. Бұл да бір тәжірибе»,- дейді Айша.

Аишаның бейнебаянына балалары да түсіп жатыр екен. Оның сөзіне қарасақ туынды ерекше болмақ.

«Маған ән жазуды ұйғардық. Мен басқа ойлар ұсынған едім. Бірақ, режиссеріміз бейнебаянда балалардың болғанын қалады. Туынды мейірім туралы. Әлемнің әдемілігін жеткізгіміз келеді. Клипке балаларымыз да түсті. Балаларым мені тыңдамайды. Ал бейнебаян барысында олар тәртіпке бағынды. Балалармен жұмыс жасаған өте қиын», - деп жаңалығымен бөлісті Аиша.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары