$ 441.66  475.14  4.86

«Дос-Мұқасан» тобының мүшесі Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бірінші сот отырысы 20 маусымға жоспарланған және Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданына қарасты №2 аудандық сот ғимаратында өтеді.

«Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі әрі солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол «Билік өкілін қорлау» 378-бабының 1-бөлімі бойынша айыпталуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірінші сот отырысы 20 маусымға жоспарланған және Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданына қарасты №2 аудандық сот ғимаратында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағыты бойынша ҚС 852 рейсіне отырғызу кезінде Мұрат Құсайынов оғаш қылық көрсеткен. «Эйр Астана» компаниясының айтуынша, музыкант дауыс, әдепсіздік танытқан. Әуекомпания қызметкерлері рейске өтпейтінін айтқан кезде, ол жолаушылар тасымалы бөлімінің бастығына қатты соққы берген.

Алайда әнші ешқандай күш көрсетпегенін, тек қана рейстің алдындағы тексерісінде аяқ киімін шешуден бас тартқанын айтқан.

2019 жылдың мамыр айында Мұрат Құсайыновқа ұсақ бұзақылық үшін 12 625 теңге (5 МРТ) айыппұл салынды. Сот залында Құсайыновтың жолаушылар тыныштығын бұзып, балағаттағаны айтылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары