21.06.2019, 15:40

Айгүл Орынбек: «Мәдениет порноға толып жатқанда термин теріп кеткенсіз бе, Ақтоты ханым?»

Коллаж: SN.kz
Айта кетейік, жаңа тағайындалған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы бұған дейін журналист Мәди Манатбек те қатаң сынға алған еді.

Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы сынға алды. Ол өзгерісті терминнен емес, сахнаға тырдай жалаңаш шығатын қыздардан бастауды ұсынды. 

«Келген министр тілге тиіскен бе? Ақтоты ханым! Мәдениетініміз порноға, спортымыз жемқорларға толып жатқанда келіп, термин теріп кеткенсіз бе? Басқа жұмыс жоққой сонда?

Мәдениет пен спортта реформаны терминнен бастамай, анау сахнаға тырдай жалаңаш шығатын қыздарға тиым салыңыз! Көгілдір экран бетін көру мүмкін емес. Қазақ актрисаларының төсекте жатып сүйісіп, аймаласу кадрлары өте көп. Сахна, көгілдір экран мәдениетін қолға алыңыз.

Ауыл ауылдағы мектептерте спорт мектептерін ашыңыз. Оларға ақша бөліңіз. Балалар өздерінің ақшасына барады жарыстарға, жаттықтыру құралдарын да өз қаражаттарына алады. Ақшасы барлар ғана жарысқа бара алады. Осындай проблемалар тұрғанда «әнұран», «сынып» сөздеріне тиіскеніңіз ұят болды. 

Қолында билігі жоқ, жәй ғана уақыт өткізетін адам ғана тілге тиседі. Сіз халық үшін емес, биліктің цирігінде ойнайтын бір клоуны болып көріне бастадыңыз!», – деп жазды ол. 

Айта кетейік, жаңа тағайындалған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы бұған дейін журналист Мәди Манатбек те қатаң сынға алған еді.