Будда Гришна атымен танымал ресейлік блогер өзінің youtube-арнасында телепродюсерлерге үндеу жасады. Ол Димаш Құдайбергенді нағыз талант иесі деп атап, бүгінгінің феноменіне теңеді, деп жазады SN.kz ақпараттық порталы.
Сондай-ақ блогер телеарналардан Димаш Құдайбеннің бейнебаянын көргісі келетінін айтты.
«Бірде Димаштың «Любовь уставших лебедей», сосын тағы бірнеше әнін тыңдап қалдым. Әндерінің аты есімде қалмады. Өйткені даусын тыңдағанда еріксіз музыкаға беріліп кеттім. Октаваларды ауыстырғанда тіпті таң қалдым. Әйеліме қыз ба айтып жатқан дедім. Ол «жігіт» деді», - деп бастады сөзін блогер.
Ол Димаш Құдайбергеннің әлем жұлдызы екенін айта келе телепродюсерлерден не үшін оның клипін телеарналардан көрсетпейтінін сұрады.
«Қайда оның клипі? Ол талантты адам. Ол бриллиант. Ол фантастика. Телеарналарды қоссаң сол жауыр болған клиптерді көрсете береді. Оның бейнебаянын неге шығармайды?
МузТВ премиясында ән айтқанда Ресейдің шоу-бизнесі «артына жіберіп қойды». Кепкі киіп, көзілдірік тағып ән айтып жүретіндер жай ғана «артына жіберіп» қойды. Өйткені Димаш саxнаға кастюммен шығып, әнді қалай шырқау керек екенін көрсетті. Муслим Магомаев сияқты табиғи дауыста ән салды.
Америка, Қытай, Қазақстан, Англия оның клиптерін үздіксіз көрсетеді. Ал біздің Ресейде жоқ. Неге? Тағы да ақша бөлмеді ме? Мен мегаталант иесін өзіміздің телеарналардан көргім келеді», - деп сөзін түйіндеді ол.