Сахнаға 11 жылдан соң оралған Жанар Хамитова өнерден мүлде қол үзбек. Бұл туралы әнші «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Сиви Махмудидің продюсерлігімен сахнаға қайта шыққан әнші жұмысын қыркүйекке дейін жалғастырады. Сивидің айтуынша, Хамитованың мінезі қиын. Көп жылайды, үнемі балаларын сағынып, ойы сол жақта жүреді екен. Олар тек келісімшартсыз достық байланыста.
Бірлескен жұмыстары жақсы басталса да, ғұмыры ұзаққа бармады.
«11 жыл өткеннен кейін маған бірден назар ауады деп ойлаған жоқпын. Мен жұрттың адамы емес, үйдің адамымын. Балаларды ойлайсың. Шынын айтайын, қазір денсаулық керек. Бірінші байлық - денсаулық. Әншілер жаңа күш-қуатпен келу үшін демалысқа кетеді», - дейді Жанар Хамитова.
Жанар денсаулығы үшін өнерден мүлде кетпек.
Тіпті Әбубәкір досымен бейнебаян түсіруден де бас тартыпты. Өйткені, әлі күнге дейін микрофон мен камерадан қорқынышын жеңе алмапты.